Accessibility links

Мәскеу: Киевтің Донбасты қайтарып алу бастамасын қолдауға болады


Ресей президенті Владимир Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков.
Ресей президенті Владимир Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков.

Ресей Украина президенті Петр Порошенконың "Надежда Савченкодан соң Донбасс пен Қырым да қайтарылады" деген сөзіне пікір білдірді.

"Ол Донбасты қайтарып аламыз дегенді гуманистік пиғылда айтса, мұндай бастаманы қолдауға болады. Мәскеудің де үміттеніп отырғаны - осы" деді Ресей президенті Владимир Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков.

Песков Порошенконың 2014 жылы Ресей аннексиялап алған Қырым жайлы сөзіне пікір білдіруден бас тартып, Украина президентінің сөзін "Ресейдің аймағына ұмтылу" деп сипаттады.

Ресейде 22 жылға сотталған украиналық ұшқыш Надежда Савченко Украинада сотталған ресейлік екі азаматқа айырбасталып, кеше Киевке әкелінген.

XS
SM
MD
LG