Accessibility links

Литвада Шалабаевты экстрадициялау ісі қаралғаны хабарланды


Интерпол ресми сайтындағы Сырым Шалабаев туралы ақпарат.

Интерпол ресми сайтындағы Сырым Шалабаев туралы ақпарат.

РИА "Новости" агенттігінің Вильнюс округтік сотына сілтеме жасап хабарлауынша, Литвада 26 мамырда өткен жабық сотта Украина мен Қазақстанның Сырым Шалабаевты экстрадициялау туралы өтініші қаралған. Сырым Шалабаев - "БТА банктің" бұрынғы басшысы, оппозициялық саясаткер Мұхтар Әблязовтің туысы. Агенттік мәліметінше, сот түпкілікті шешімді 28 мамырда шығармақ.

Шалабаевты Украина мен Қазақстан билігі Әблязовпен және өзге де адамдармен бірге Қазақстан, Украина және Ресейде бірнеше миллиард доллар қаржыны иемденіп кеткне деп күдіктенеді. Шалабаев 2015 жылы жазда Литвада Қазақстан билігінің сұрауы бойынша тұтқындалып, кейін кепілге үйқамаққа алынған. Ол Литвадан саяси баспана сұраған. Шалабаев Вильнюсте тұрақты тұрады.

Мұхтар Әблязов екі жылдан астам уақыттан бері Францияда Украина мен Ресейдің сұрауы бойынша ұсталып, қамауда отыр. Шалабаев пен Әблязов тағылған айыпты мойындаудан бас тартып, өздеріне қарсы істің саяси астары бар дейді.

XS
SM
MD
LG