Accessibility links

Горбачевтің Украинаға кіруіне 5 жылға тыйым салынды


СССР-дің бұрынғы басшысы Михаил Горбачев.
СССР-дің бұрынғы басшысы Михаил Горбачев.

Украина қауіпсіздік қызметі Михаил Горбачевтің елге кіруіне бес жылға тыйым салды. Қауіпсіздік қызметі өкілі Алена Гитлянская бұл ақпаратты "Интерфакс" агенттігіне растап, тыйым салуға "ұлттық қауіпсіздік мүдделері" себеп болғанын айтқан. Оның сөзінше, тыйым Горбачевтің таяуда 2014 жылы Ресейдің Қырым түбегін Украинадан аннексиялағанын қолдаған мәлімдемесі себеп болған.

Sunday Times-ке берген сұхбатында СССР-дің соңғы басшысы, 85 жастағы Горбачев Кремльдің Қырымды аннексиялау шешімін қолдаған. Ол сонымен қатар референдумды "Қырым халқының көпшілігінің өз қалауын еркін білдіруі" деп, халықаралық қауымдастықты сынаған. Горбачев президент Владимир Путиннің орнында болса өзі де осындай іс-әрекет жасайтынын айтты. Ол Украинаға кіруге тыйым салуға қатысты комментарий берген жоқ.

XS
SM
MD
LG