Accessibility links

Қырғызстанда ресми тіркеусіз неке қидыруға тыйым салу мақұлданбады


Мешітте неке қидырып отырған қырғыз жастары (Көрнекі сурет.

Мешітте неке қидырып отырған қырғыз жастары (Көрнекі сурет.

Қырғызстан парламенті имамдардың мемлекеттік органдарда ресми тіркеуге тұрмаған жұбайлардың некесін қиғаны үшін жауапқа тартуды қарастыратын заң жобасын кері қайтарды. Депутаттар шешімі 26 мамырда қабылданды. Заң жобасында мұсылмандық жолмен неке қидырғысы келетін ерлі-зайыптылардың алдымен мемлекеттік органдарда некесін тіркетуін міндеттейтін талап бар.

Парламент баспасөз қызметінің хабарлауынша, заң жобасы кәмелетке толмағандардың неке қидыруын болдырмау және мемлекеттік тіркеуге тұрмай, діни жоралғы бойынша ғана неке қидыруына тыйым салу үшін дайындалған. Әуелде айтылғандай, заң жобасы азаматтарды мәжбүрлі некеден қорғауды және балалар мен әйелдердің құқығы мен мүддесін қорғау туралы халықаралық міндеттемені орындауды көздейді.

Статистика бойынша, Қырғызстанда некені көпшілігі ресми тіркеусіз қиылады және кәмелетке толмаған қыздардың тұрмысқа шығып жату оқиғасы да жиі кездеседі.

XS
SM
MD
LG