Accessibility links

Бейбіт Қойшыбаевтың қуғын-сүргін құрбандары жайлы кітабы таныстырылды


:Жазушы Бейбіт Қойшыбаевтың Қазақстандағы қуғын-сүргінге ұшыраған қайраткерлер туралы кітабының тұсаукесері. Алматы, 27 мамыр 2016 жыл.

:Жазушы Бейбіт Қойшыбаевтың Қазақстандағы қуғын-сүргінге ұшыраған қайраткерлер туралы кітабының тұсаукесері. Алматы, 27 мамыр 2016 жыл.

Алматыда бүгін Ұлттық кітапханада жазушы Бейбіт Қойшыбаевтың Қазақстандағы 1930 жылдары қуғын-сүргінге ұшыраған қазақ қоғам қайраткерлерінің өмірі мен қызметі жайлы жазған зерттеу еңбектері жинақталған "Түнектен оралған есімдер" кітабының тұсаукесері болды.

Кітапта жазушының 1930 жылдары қуғын-сүргін көрген қазақ қоғамы қайраткерлері, Алаш қозғалысының өкілдері Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Смағұл Сәдуақасов, Бақытжан Қаратаев, Мұстафа Шоқай, Жанша Досмұхамедов, Сұлтанбек Қожанов, Тұрар Рысқұлов, Темірбек Жүргенов, Нәзір Төреқұлов, Дінмұхамед Әділов және басқа да тұлғаларды өмірі мен қызметі жайлы жазылған зерттеу мақалалары жинақтап басылған.

Қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай өткізілген тұсаукесер жиынына Шоқан Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтыынң директоры, тарихшы Ханкелді Әбжанов, халықаралық "Қазақ тілі" қоғамының директоры, "Арыс" баспасының директоры Ғарифолла Әнес, тарихшылар, қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтары мен журналистер қатысып жатыр.

  • 16x9 Image

    Асылхан МАМАШҰЛЫ

    1973 жылы 22 сәуірде дүниеге келген. 1994 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда пединститутын бітірген. 1997-2000 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аспирантурасында оқыған. "Қазақ энциклопедиясы" баспасында (2001-2007), республикалық "Ана тілі" газетінде (2007-2009) , "ABDI-press" орталығында (2009-2010) жұмыс істеген. 2011 жылдан Азаттық радиосының тілшісі.

    Тарихи, саяси мәселелер тақырыбында жазады, белгілі тұлғалардың саяси портреттерін жасайды. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

XS
SM
MD
LG