Accessibility links

"Астана ЭКСПО-2017" ісі бойынша 12 адам "кінәсін мойындады"


"Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясының бұрынғы басқарма төрағасы Талғат Ермегияев сотта отыр. Астана, 13 мамыр 2016 жыл.

"Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясының бұрынғы басқарма төрағасы Талғат Ермегияев сотта отыр. Астана, 13 мамыр 2016 жыл.

Астанада көрме кешендері құрылысын жүргізіп жатқан "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясындағы қаржы жымқыру ісі бойынша сотта 12 сотталушы кінәларын мойындау туралы уағдаластық формасындағы процессуалдық келісім жасасты. Жергілікті агенттіктердің хабарлауынша, "кінәсін мойындағандар" арасында "Астана "ЭКСПО-2017" компаниясы құрылыс департаментінің бұрынғы басшысы Қажымұрат Үсенов те бар.

Tengrinews.kz сайтының хабарлауныша, сотқа төрағалық етіп жатқан судья Әділхан Шайхисламовтың сөзінше, сотталушылар процессуалдық келісімді 26 мамырда жасасқан.

"Сот Ақылбаев, Тілеуов, Найзабеков, Сардарбеков, Сағындықов, Тілекметов, Үсенов, Шорманбаев, Ақпамбетов, Ильин, Сейітов және Пягайға қатысты олармен процессуалдық келісім жасасқаны келісу өндірісін қарау үшін қылмыстық іс өндірісін жеке бөлуге қаулы етті. Қаулыға шағым білдірілмейді" деген Шайхыисламов. Адвокаттардың айтуынша, басқа сотталушылардың ісін өзге судья қарамақ.

ЭКСПО-2017» компаниясындағы қаржыға қатысты өтіп жатқан істегі басты айыпталушы Талғат Ермегиевқа қылмыстық кодекстің 311-бабының 5-тармағы, 176-баптың 4-тармағының «б» бөлімі (16.07.1997 жылғы редакциясымен), 189-баптың 4-тармағының 2-бөлімі бойынша айыптар тағылған. Тергеушілер дерегінше, Талғат Ермегияев 4 миллиард 200 миллион теңге көлеміндегі қаржыны заңсыз иеленген.

Талғат Ермегияев 2015 жылы маусым айында сот шешімімен үйқамамаққа алынған.

XS
SM
MD
LG