Accessibility links

Обама Хиросимаға барды


АҚШ президенті Барак Обама Хиросимадағы атом бомбасы құрбандарына арналған мемориалға гүл шоғын қойып тұр. Жапония, 27 мамыр 2016 жыл.
АҚШ президенті Барак Обама Хиросимадағы атом бомбасы құрбандарына арналған мемориалға гүл шоғын қойып тұр. Жапония, 27 мамыр 2016 жыл.

АҚШ президенті Барак Обама 27 мамырда Жапонияның атом бомбасы тасталған Хиросима қаласына барды. Бұған дейін Хиросимаға бір де бір АҚШ президенті бармаған.

"71 жыл бұрын, әуеден ажал тасталып, әлем өзгерді" деді Обама атом бомбасы құрбандарына арнап қойылған мәңгілік алауға гүл шоғын қойып тұрып.

АҚШ президенті Жапониядағы өзінің Хиросимаға сапары Екінші дүниежүзілік соғыста қаза тапқан барлық құрбанға арналатынын айтты. Бірақ ол Жапонияға осы соғыста атом бомбасы тасталғанына байланысты кешірім сұрамады.

Бұдан жетпіс жылдан астам уақыт бұрын Хиросима және Нагасаки қалаларына АҚШ қолданған жойқын қару 150 мыңға жуық адамның өмірін қиған. Содан кейін бес жылдың ішінде түрлі аурулардан көз жұмған тағы 156 мың адамның ажалын дәрігерлер атом бомбасы жарылысы салдарымен байланыстырады.

Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан Жапония осы шабуылдардан соң көп ұзамай жеңілгенін мойындады.

XS
SM
MD
LG