Accessibility links

Савченко: Украина президенті болуға дайынмын


Надежда Савченко баспасөз конференциясында сөйлеп тұр. Киев, 27 мамыр 2016 жыл.

Надежда Савченко баспасөз конференциясында сөйлеп тұр. Киев, 27 мамыр 2016 жыл.

Ресейде екі жыл қамауда отырып шыққан украиналық ұшқыш Надежда Савченко егер украиналықтар қаласа Украина президенті болуға дайын екенін мәлімдеді.

"Украиндықтар, егер сіздер менің президент болғанымды қаласаңыздар, онда мен президент болуға дайынмын" деді Савченко бүгін өзінің қамаудан босағаннан кейін Киевте өткізген алғашқы баспасөз конференциясында.

Савченко Киевке 25 мамыр күні өзін Украинада ұсталып, "сепаратистер жағында соғысты" деген айыппен сотталған екі ресейлікке айырбастаған соң жеткізілген.

Ресей соты наурызда Савченконы Украина шығысында ресейлік екі журналистің өліміне қатысы бар деп айыптап, 22 жылға соттаған.

Киевтегі баспасөз конференциясында Савченко өзінің әскери ұшқыш ретіндегі қызметіне қайта оралуды дұрыс көретінін, бірақ егер Украина қаласа қандай қызмет болса да, оның ішінде президент болуға да дайын екенін мәлімдеді.

Украина мен Батыс елдерінің үкіметтері Ресейдің Савченконы қамауға алып, соттағанын айыптаған.

XS
SM
MD
LG