Accessibility links

Ресей премьері «тағам эмбаргосы» мерзімін ұзартуды тапсырды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведев үкіметке «тағам эмбаргосын» 2017 жылдың соңына дейін ұзартуға қатысты ұсыныс әзірлеу жөнінде тапсырма берді деп хабарлады бүгін «Интерфакс» агенттігі.

Ресей билігі 2014 жылы тамызда елге АҚШ, Еуропа одағы, Канада, Австралия және Норвегиядан әкелінетін кейбір тағам өнімдеріне шектеу енгізген. Сол кезде Кремль ол шешімді Батыс елдерінің Ресейге Қырымды аннексиялағаны және Украинаның шығысындағы жанжалға киліккені үшін салған санкцияларына жауап деп атаған.

Былтыр маусым айында Ресей президенті Владимир Путин «елдің қауіпсіздігін қамтамасыз ету» мақсатында Ресейге санкция жариялаған елдерден тағам әкелуге салынған тыйым мерзімін тағы бір жылға ұзартқан.

XS
SM
MD
LG