Accessibility links

Шығыс Қазақстанда үш адам шахтада қаза болған


Шахтадағы жұмысшы. (Көрнекі сурет.)

Шахтадағы жұмысшы. (Көрнекі сурет.)

Шығыс Қазақстан облысындағы кен орнында бүгін үш адам қаза тапты деп хабарлады KAZ Minerals компаниялар тобы баспасөз қызметіне сілтеме жасап Tengrinews.kz сайты.

Қайғылы оқиға Орлов өндірістік кенішіне қарасты шахтада болған.

«Таңертеңгі 10 сағат 20 минут шамасында шахтада газдан уланып қаза болғанға ұқсайтын үш адамның – KAZ Minerals тобы қызметкері мен әскерилендірілген құтқару қызметінің екі өкілінің жансыз денелері табылған» деген ақпарат жариялады Tengrinews.

Төтенше оқиғаға байланысты тексеру жүргізіліп жатқаны хабарланды.

Орлов шахтасында мыс-полиметалл кенін өндіру жұмыстары жер асты әдісімен жүргізіледі. Адам қазасы болған кеніш Бородулиха ауданы Жезкент елдімекені аумағында орналасқан.

XS
SM
MD
LG