Accessibility links

Қырғызстанда тасқын салдарынан бес адам мерт болған


Апат болған жердегі көліктер. Қадамжай ауданы, Баткен облысы, Қырғызстан. 27 мамыр 2016 жыл.
Апат болған жердегі көліктер. Қадамжай ауданы, Баткен облысы, Қырғызстан. 27 мамыр 2016 жыл.

Қырғызстанның Баткен облысы Қадамжай ауданында жұма күні болған тасқын салдарынан бес адам тапқан деп хабарлайды Азаттықтың Қырғыз қызметі.

Баткен облыстық төтенше жағдайлар басқармасының жетекшісі Альберт Тагаевтың айтуынша, 27 мамырда кешкі сағат бес шамасында су тасқыны салдарынан құлаған топырақ пен тау жынысы Қадамжай-Айдаркен жолында бірнеше автокөлікті басып қалған. Оқиға кезінде апатқа ұшыраған жеңіл автокөлікте бес адам мерт болған, құтқарушылар бір баланы аман-есен алып шыққан.

Апат болған жол бөлігі уақытша жабылып, оқиға орнында дәрігерлер, төтенше жағдайлар министрлігі өкілдері жәрдем көрсету және апат салдарын жою жұмыстарына кіріскен. Сенбі күні қырғыз үкіметі жетекшісі мен денсаулық сақтау министрі де апат аймағына аттанды деп хабарланды.

XS
SM
MD
LG