Accessibility links

Порошенко НАТО-ның бұрынғы басшысын кеңесшісі етіп алды


Украина президенті Петр Порошенко (сол жақта) және сол кездегі НАТО бас хатшысы Андерс Фог Расмуссен. 4 қыркүйек 2014 жыл.

Украина президенті Петр Порошенко (сол жақта) және сол кездегі НАТО бас хатшысы Андерс Фог Расмуссен. 4 қыркүйек 2014 жыл.

Украина президенті Петр Порошенко НАТО-ның бұрынғы бас хатшысы Андерс Фог Расмуссенді өзінің штаттан тыс кеңесшісі етіп алды. Бұл туралы жарлық Украина президентінің ресми сайтында жарияланды.

Андерс Фог Расмуссен 2009 жылдан 2014 жылға дейін НАТО бас хатшысы болып істеген. Ал 2001 - 2009 жылдар аралығында Дания үкіметін басқарған.

2014 жылы Расмуссеннің орнына НАТО бас хатшысы қызметіне Йенс Столтенберг тағайындалған.

XS
SM
MD
LG