Accessibility links

Арменияда бүгін - Тұңғыш Республика күні


Армения президенті Серж Саргсян (ортада) «Сардарапат» мемориалдық кешенінде өткізілген шарада сөйлеп тұр. 28 мамыр 2016 жыл.
Армения президенті Серж Саргсян (ортада) «Сардарапат» мемориалдық кешенінде өткізілген шарада сөйлеп тұр. 28 мамыр 2016 жыл.

Арменияда бүгін мемлекеттік мейрам – Тұңғыш республика күні. Сонымен бірге бұл мерекені ел егемендігі қалпына келген күн деп те атайды.

1918 жылы 28 мамырда Закавказье демократиялық федеративтік республикасы құрамынан бөлініп шыққан Армения өз тәуелсіздігін жариялаған. Алғашқы республика бар болғаны екі жыл ғана өмір сүрді. 1920 жылы 2 желтоқсанда премьер-министр Симон Врацян басқарған үкімет РСФСР-мен келісімге қол қойған соң құрылған Армения ССР-інің дәурені 1991 жылы СССР тарағанға дейін созылды.

1918 жылы мамырда Тифлисте Армян ұлттық кеңесі Армения тәуелсіздігін жариялап, Тұңғыш Армения республикасын құрды. Тұңғыш республика жарияланған сәттен бастап өте қысқа мерзім ішінде мемлекетке қажетті органдар – парламент пен үкімет құрылған.

Қалыптасқан дәстүр бойынша, бүгін Армения жоғарғы билік өкілдері Тұңғыш Республика күніне байланысты «Сардарапат» мемориалдық кешенінде өткізілген мерекелік шараға жиналды. Кешенде елдің әскери бөлімшелерінің қатысуымен шағын парад өтті. Шараға қатысушылар мемориалға гүл қойып, Сардарапат шайқасында қаза тапқан қаһармандарды еске алды деп хабарлайды Азаттықтың Грузин қызметі.

XS
SM
MD
LG