Accessibility links

Мадридтің «Реал» командасы чемпиондар лигасы жеңімпазы атанды


«Реал» ойыншылары 2014 жылғы чемпиондар лигасы финалында да «Атлетиконы» жеңген болатын. Лиссабон, 24 мамыр 2014 жыл.
«Реал» ойыншылары 2014 жылғы чемпиондар лигасы финалында да «Атлетиконы» жеңген болатын. Лиссабон, 24 мамыр 2014 жыл.

Испаниялық «Реал» футбол клубы ойыншылары чемпиондар лигасын ұтты. Сенбі күні Миландағы «Сан-Пиро» стадионында өткен финалда «Реал» өз отандасы «Атлетико» командасын жеңді.

Ойынның негізгі және қосымша уақыты 1:1 есебімен тең аяқталған соң, жеңімпазды анықтау үшін матч соңында пенальти тағайындалды. Оның нәтижесі бойынша, «Реал» ойыншылары бәсекелестерінен 5:3 есебімен басым түсті.

Осылайша мадридтік «Реал» командасы өз тарихында чемпиондар лигасының 11 мәрте жеңімпазы атанды.

XS
SM
MD
LG