Accessibility links

Байқоңырдан 8 маусымда кезекті «Протон-М» ұшырылмақ


Байқоңырдағы ұшу алаңында тұрған «Протон-М» зымыран тасығышы. 14 наурыз 2016 жыл.

Байқоңырдағы ұшу алаңында тұрған «Протон-М» зымыран тасығышы. 14 наурыз 2016 жыл.

Маусымның 8-і күні Байқоңыр ғарыш айлағынан Intelsat-DLA2 байланыс спутнигін тіркеген, «Бриз-М» үдеткіш блогы бар «Протон-М» зымыран тасығышын ұшыру жоспарланып отыр деп хабарлайды «Новости-Казахстан» агенттігі.

Бұған дейін жергілікті баспасөз құралдары «Протон-М» зымыранын ұшыру әуелгіде 28 мамырға жоспарланып, кейін 31 мамырға шегерілгені туралы ақпарат таратқан еді.

«Протон-М» зымыран тасығышына тиелген ғарыш аппаратын АҚШ-тың IntelsatS.A спутниктік байланыс операторының тапсырысы бойынша америкалық Space Systems Loral компаниясы жасаған. Жасанды жер серігі Латын Америкасы елдеріне 15 жыл бойы телехабар тарату қызметін көрсетеді деп хабарланған.

XS
SM
MD
LG