Accessibility links

Қырғызстанда өзбек қауымының қуғындағы жетекшісінің үйін жасыру туралы іс қозғалды


Қырғызстан кәсіпкері Қадыржан Батыровтың Жалал-Абадтағы үйі.

Қырғызстан кәсіпкері Қадыржан Батыровтың Жалал-Абадтағы үйі.

Қырғызстанның Жалал-Абад облысы прокуратурасы парламенттің бұрынғы депутаты, кәсіпкер, Қырғызстандағы өзбек қауымдастығы жетекшілерінің бірі Қадыржан Батыровтың үйін тіркеуге алудан жасырған деген айыппен Созақ ауданы бойынша сот орындаушылары мен мемлекеттік тіркеу органы қызметкерлерінің үстінен қылмыстық іс қозғаған.

Қырғызстанның оңтүстігінде 2010 жылы маусымда болған оқиғалардан кейін «тәртіпсіздіктер ұйымдастырған» деген айып тағылған Қадыржан Батыров елден қашқан болатын. Қырғызстан соты Батыровтың иелігіндегі 28 нысанды мемлекет пайдасына тәркілеу туралы шешім шығарған. Бірақ, қадағалаушы органның мәлімдеуінше, жергілікті сот орындаушылары мен мемлекеттік тіркеу мекемесі қызметкерлері Батыровтың иелігіндегі тұрғын үйді тәркілеуге жататын нысандар тізіміне енгізбеген деп хабарлайды Азаттықтың Қырғыз қызметі.

Ол үйдің бар екені таяуда ғана, экс-президент Құрманбек Бакиевтің туыстары Тейіт ауылында өртенген үйлері үшін өздеріне төлемақы төленуін талап етіп Батыровты сотқа берген кезде анықталған деп хабарлайды Азаттықтың Қырғыз қызметі.

Бакиевтердің үй-жайлары Жалал-Абадта 2010 жылы мамырда жаппай тәртіпсіздіктер кезінде өртенген. Бакиевтер өз тұрғын-жайларын өртеуді ұйымдастырды деген айыппен Батыров пен оның жақтастарын сотқа беріп, өз пайдасына үй өндіріп алған.

XS
SM
MD
LG