Accessibility links

Интерпол Борис Немцовтың қазасына күдіктіге іздеу жариялады


Қастандық құрбаны болған саясаткер Борис Немцовтың суреті.

Қастандық құрбаны болған саясаткер Борис Немцовтың суреті.

Интерпол ресейлік оппозициялық саясаткер Борис Немцовтың өліміне күдікті ретінде Ресей азаматы Руслан Мухудиновке халықаралық іздеу жариялады. Күдікті туралы ақпарат Интерпол сайтында жарияланған.

Халықаралық ұйымның хабарламасында 29 жастағы Мухудиновке адам өліміне және заңсыз қару айналымына қатысы бар деген айып тағылғаны айтылған. Борис Немцовты 2015 жылы ақпанның 27-і кешкісін Мәскеудің орталығында белгісіз адам атып кеткен еді. Денесіне төрт оқ тиген саясаткер сол жерде қаза тапқан.

Ресейде бұл қылмысқа байланысты бес адам ұсталған. Ресейлік тергеушілер адам өлтіруге тапсырыс берген және қылмысты ұйымдастырған күдікті ретінде бұрын Шешенстан ішкі істер министрлігінің «Север» батальонында қызмет атқарған Руслан Мухудиновты атайды. Немцовтың туыстары мен серіктері саясаткердің қазасына Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровтың қатысы бар деп санайды.

XS
SM
MD
LG