Accessibility links

Украинада қарттар үйіндегі өрттен 17 адам мерт болған


Өртенген қарттар үйі орнында жүрген өртке қарсы күрес қызметкерлері. Украина, 29 мамыр 2016 жыл.

Өртенген қарттар үйі орнында жүрген өртке қарсы күрес қызметкерлері. Украина, 29 мамыр 2016 жыл.

Киев маңындағы Леточки ауылында қарттар үйіндегі өрт салдарынан 17 адам қаза болып, бесеуі ауруханаға жеткізілген. Украина мемлекеттік төтенше жағдайлар қызметінің хабарлауынша, өрт туралы хабар бүгін таңғы сағат 03:43 кезінде түскен. Өрт бес сағатқа жуық уақыттан соң сөндірілген.

Қарттар үйі уақытша орналасқан екі қабатты ғимаратта өрт шыққанда, алдын ала мәліметтер бойынша, 35 адам болған. Төтенше оқиғаның себептерін анықтау мақсатында арнайы комиссия құрылған. Полицияның хабарлауынша, бұл оқиғаға байланысты негізгі күдікті ретінде ұсталған адамға «өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзудың ауыр салдарына» байланысты айып тағылуы мүмкін.

Украина президенті Петр Порошенко қайғылы оқиғада қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтқан.

XS
SM
MD
LG