Accessibility links

Иран парламенті төрағасы болып Әли Лариджани қайта сайланды


Иран парламенті төрағасы болып қайта сайланған Әли Лариджаниді әріптестері құттықтап жатыр.
Иран парламенті төрағасы болып қайта сайланған Әли Лариджаниді әріптестері құттықтап жатыр.

Иранда парламентінде бүгін өткен дауыс беру нәтижесі бойынша, 290 депутаттың 173-і ұстамды консерватор саналатын Әли Лариджаниды төраға етіп қайта сайлады. Онымен бәсекеге түскен реформашылар өкілі Мұхаммед-Реза Арефтің кандидатурасын қолдап 103 депутат дауыс берген.

Әли Лариджани Иранға қарсы салынған санкцияларды алып тастау үшін Тегеранның ядролық бағдарламасы туралы Батыс елдері ұсынған келісімге қолдау білдірген.

Парламент мүшелері алдында сөйлеген ел президенті Хассан Роухани Әли Лариджаниге былтыр Иранның ядролық бағдарламасы бойынша жасалған келісімге қол жеткізуге қолдау танытқаны үшін алғыс білдірген. Сонымен бірге ол елдегі проблемалар мен дағдарысты шешу үшін парламент пен үкіметті бұрынғыдан да үлкен өзара іс-қимылға шақырған.

Иран парламенті (межлис) төрағасы болып Әли Ларджани осымен үшінші рет сайланып отыр. Алғаш рет ол 2008 жылы осы қызметке келген. Иранның жаңадан сайланған депутаттары кеше ант берген. Биыл ақпан және сәуір айларында өткен парламент сайлауының нәтижесі бойынша, реформашы күштер – 133 орын, консерваторлар – 125 орын иеленген.

XS
SM
MD
LG