Accessibility links

Тегеран ирандық интернет қолданушылар мәліметін өзіне көшіртпек


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Тегеран шетелдік әлеуметтік желілерге оларда сақталған ирандық қолданушылар туралы мәліметтерді Ирандағы серверлерге көшіруге бір жыл мұрсат берді. Иранның киберкеңістік жөніндегі жоғарғы кеңесі бұл шешімін "азаматтардың жеке өмірі мен қауіпсіздігін қорғауға қатысты алаңдаушылықтан туған" деп түсіндіреді.

Иран - әлемде интернетке қатаң бақылау орнатқан елдердің бірі. Мұнда Twitter және Facebook желілері бұғатталған. Бірақ ирандықтардың көпшілігі бұл желілерге арнайы бағдарламалар арқылы кіреді. Соңғы уақытта билік әлеуметтік желілерді қолданатын азаматтарды қудалауды күшейтіп жатыр. 16 мамырда сегіз адамның тұтқындалғаны хабарланған. Олар Instagram желісінде хиджаб тақпаған ирандық әйелдердің суреттерін жариялады деген күдікке ілінген.

XS
SM
MD
LG