Accessibility links

Сауд Арабиясы Иранның қажылыққа қатысты талабын сынады


Меккеде қажылық кезіндегі кептелісте қаза тапқандар. Сауд Арабиясы, қыркүйек 2015 жыл.

Меккеде қажылық кезіндегі кептелісте қаза тапқандар. Сауд Арабиясы, қыркүйек 2015 жыл.

Сауд Арабиясы Иранның қажылыққа қатысты қойған талаптарын "қабылдауға тұрарлық емес" деп атады.

Бұдан бұрын Тегеран Эр-Риядты "Аллаға апаратын соқпақты жапты" деп айыптаған. Сауд Арабиясы сыртқы істер министрі Адель әл-Джубеирдің мәлімдеуінше, Иран өзіне "қажылық кезінде бейберекеттік пен тәртіпсіздікке соқтыратын" артықшылықтар мен демонстрациялар ұйымдастыру құқығын беруді талап еткен.

Бұған дейін Иран мәдениет министрі Әли Джаннати Иран азаматтарының биыл қажылыққа бармайтынын мәлімдеген.

2015 жылы Мекке маңында қажылық рәсімін атқару кезінде болған кептелісте 460-тан астам ирандық тапталып мерт болған. Тегеран олардың өліміне Сауд Арабиясы кінәлі деген. Қаңтар айында Сауд Арабиясының белгілі шиит дін қайраткерін өлім жазасына тартуына байланысты Тегеранда наразылық туып, ондағы Сауд Арабиясы консулдығына шабуыл жасалған. Бұдан соң Сауд Арабиясы Иранмен дипломатиялық байланысын үзген.

XS
SM
MD
LG