Accessibility links

Сирияда ИМ содырлары шекаралас аймақтарға шабуылдай бастады


Сирияның солтүстігіндегі соғыстан қираған Азаз қаласы (Көрнекі сурет).

Сирияның солтүстігіндегі соғыстан қираған Азаз қаласы (Көрнекі сурет).

Сирияның солтүстігінде экстремистік "Ислам мемлекеті" (ИМ) содырлары оппозицияшыл көтерілісші топтар бақылауындағы Мареа және Азаз қалаларына шабуылдап жатыр. Syrian Observatory for Human Rights ұйымының мәліметінше, содырлар Түркиямен шекарадағы Мареа және Азаз қалаларына шабуылды екі күн бұрын бастаған.

29 мамырда Мареа маңы мен Азаз түбіндегі екі елді мекенде ұрыс жүрген. Мареа мен оның айналасынан көпшілігі әйелдер мен балалар - алты мыңнан астам бейбіт тұрғын бассауғалап қашқан. Пана іздеген бейбіт тұрғындар Сирияның солтүстігіндегі "Сирия демократиялық күштері" тобының бақылауындағы Алеппо провинциясының территориясына барған.

Human Rights Watch халықаралық құқық қорғау ұйымы мен БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі жоғарғы комиссариатының мәліметтерінше, Азаз қаласы маңында содырлар шабуылынан үй-жайын тастап кеткен 165 мың босқын бар.

XS
SM
MD
LG