Accessibility links

Исламабад: Мулла Мансурдың әуе шабуылынан мерт болғаны рас


Пәкістандық газеттегі "Талибанның" ауғандық қанатының жетекшісі Мулла Ахтар Мансурдың мерт болғаны жайлы хабарлама. 23 мамыр 2016 жыл.
Пәкістандық газеттегі "Талибанның" ауғандық қанатының жетекшісі Мулла Ахтар Мансурдың мерт болғаны жайлы хабарлама. 23 мамыр 2016 жыл.

Пәкістан америкалық ұшқышсыз басқарылатын ұшақтан жасалған шабуылдан мерт болған адамның ДНҚ-сына жасалған сараптама оның "Талибанның" Ауғанстандағы қанатының жетекшісі Мулла Ахтар Мансур екенін дәлелдеді деп мәлімдеді Пәкістан ішкі істер министрлігі. Бұған дейін АҚШ президенті Барак Обама мен Ауғанстан билігі өкілдері Мансурдың 21 мамырда Пәкістанның Кетта қаласына жақын маңда әуе шабуылынан көзі жойылғанын растаған. Бірақ Исламабад Мансурдың өлімін нақтылау үшін ДНҚ сараптама жасату қажетін айтқан.

Мансурдың өлімінен соң "Талибанның" ауғандық қанатының жаңа басшысы болып Мулла Хайбатулла Ахундзаданың таңдалғаны хабарланған. "Талибанның" кейбір бөлімдері Ахундзаданың басшы болып таңдалғанын қолдаудан бас тартқан.

XS
SM
MD
LG