Accessibility links

Бішкекті неке туралы заң жобасын мақұлдауға шақырды


Бішкекте мешітте жас жұбайлардың некесін қию рәсімі (Көрнекі сурет).

Бішкекте мешітте жас жұбайлардың некесін қию рәсімі (Көрнекі сурет).

Қырғызстанда бала мен әйел құқығын қорғаумен айналысатын бірқатар ұйым парламентті кәмелетке толмағандарды мұсылмандық шарты бойынша неке қиюына тыйым салатын заң жобасын қабылдауға шақырды. Ұйымдар бұл туралы үндеуін парламентке бүгін тапсырмақ.

"Балалар құқығын қорғау лигасы" қоғамдық қорының жетекшісі Назгүл Турдубекованың Азаттықтың Қырғыз редакциясына айтуынша, депутаттардың бұл заң жобасын қабылдамай тастау қоғамда кері реакция тудырған. Оның сөзінше, заң жобасын кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау үшін қабылдау керек.

26 мамырда Қырғызстан парламенті имамдардың мемлекеттік органдарда ресми некеге отырмаған жас жұбайлардың некесін қиюына тыйым салатын заң жобасын кері қайтарған. Бұл заң жобасында мұсылмандық шарты бойынша неке қидырғысы келетін жұбайларға мемлекеттік органда некеге тұрғаны туралы куәлік көрсетуді міндеттейтін талап бар.

Статистика бойынша, Қырғызстанда қыздардың 15 пайызы 18 жасқа дейін, 1 пайызы 15 жасқа дейін тұрмысқа шығады. Зерттеу қорытындысы қарағанда, Еуразияның 35 мемлекеті арасында Қырғызстан ерте отбасын құру көрсеткіші бойынша бесінші орында тұр.

XS
SM
MD
LG