Accessibility links

Ирак әскері Фаллуджаны азат ету операциясын бастады


Ирак әскерилері Фаллуджа қаласының маңында ИМ шебін зеңбіректен атқылап жатыр. Ирак, 29 мамыр 2016 жыл.
Ирак әскерилері Фаллуджа қаласының маңында ИМ шебін зеңбіректен атқылап жатыр. Ирак, 29 мамыр 2016 жыл.

Ирак әскерилері "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымының бақылауындағы Фаллуджа қаласының өзін қайтарып алу операциясын бастады. Reuters агенттігінің хабарлауынша, 30 мамырда жарылыс пен атыс үні қаланың оңтүстік ауданынан естіле бастаған. Фаллуджа Бағдадтан батысқа қарай шамамен 70 километр қашықтықта орналасқан.

Сүнниттер басым Фаллуджада әәлі 50 мыңға тарта бейбіт тұрғын қалғна болуы мүмкін.

Бұған дейін Ирак билігі Фаллуджа маңына әскерін шоғырландыру жұмысын аяқтағанын мәлімдеген.

Иранның шииттік милициясы мен АҚШ бастаған коалицияның әуе күштерінің қолдауымен жүргізіліп жатқан Фаллуджаны азат ету операциясын 22 мамырда бастаған.

2014 жылы қаңтарда исламшыл содырлар алғаш Фаллуджаны басып алған. Бұдан алты айдан соң олар Ирак пен Сирияда бақылайтын аймақта "ислам халифатын" құрғанын жариялаған.

XS
SM
MD
LG