Accessibility links

Порошенко Афанасьев пен Солошенконы қайтаруға келіскенін айтты


Украина президенті Петр Порошенко әскери жаттығу өтіп жатқан Житомир облысында. 27 мамыр 2016 жыл.
Украина президенті Петр Порошенко әскери жаттығу өтіп жатқан Житомир облысында. 27 мамыр 2016 жыл.

Украина президенті Петр Порошенко Ресеймен осы елде сотталған екі украиналық - Геннадий Афанасьев пен Юрий Солошенконы отанына қайтару туралы алдын ала келісім жасалғанын хабарлады.

Украинаның "Интер" телеарнасына берген сұхбатында Порошенко Донбастағы тұтқынға алынған 25 украин әскери қызметкерін босату туралы келіссөз "мәреге жақындағанын" да айтты. "Біз оларды қайтару шарттары, мерзімі мен процедураларына қатысты келіссөзді аяқтауға жақын қалдық" деген Порошенко.

Өткен аптада Украина сыртқы істер министрі Павел Климкин Солошенко мен Афанасьевтің босатылуын "таяу аптаның мәселесі" деп атаған.

Афанасьев 2015 жылдан бері Ресейде "Қырым террористері" деп аталған іс бойынша жеті жылдық жазасын өтеп жатыр. Бұл іс бойынша украиналық режиссер Олег Сенцов 20 жылға, антифашист Александр Кольченко 10 жылға сотталған.

Украинаның "Знамя" қорғаныс өнеркәсібіінің бұрынғы директоры, 73 жастағы Юрий Солошенко 2015 жылы Украина пайдасына тыңшылық жасады деген айыппен алты жылға сотталған.

Афанасьев пен Солошенко 2 мамырдан бері Мәскеудің "Лефортов" абақтысында жатыр. Олар бұл жерге жазаларын өтеп жатқан түрмелерден әкелінген.

Киев бұған дейін Ресейден Сенцов, Кольченко, Афанасьев пен Солошенконы отатына қайтаруды сұраған.

25 мамырда Ресейде 2014 жылы жазда Украинаның шығысында ресейлік журналистер өліміне қатысы бар деген айыппен 22 жылға сотталған украиналық ұшқыш Надежда Савченко босатылып, Украинаға қайтарылған.

XS
SM
MD
LG