Accessibility links

Түркия шенеунігі: Мәскеумен байланыс жақын уақытта жақсарады


Түркия премьер-министрінің орынбасары Нуман Куртулмуш.
Түркия премьер-министрінің орынбасары Нуман Куртулмуш.

Түркия премьер-министрінің орынбасары және үкіметтің баспасөз хатшысы Нуман Куртулмуш Түркия мен Ресей арасында шешілмейтін мәселе жоғын мәлімдеп, екі ел арасындағы қарым-қатынастың "жақын уақытта" жақсарады деген болжам айтты. Бұл туралы ол бүгін Анкарада өткен баспасөз конференциясы барысында мәлімдеді.

Куртулмуш екі ел де өзара қарым-қатынасын құрбан қыла алмайтынын айтты.

Екі ел қарым-қатынасы 2015 жылы қарашада Түркия Сириямен шекарада Ресей әскери ұшағын атып түсірген соң күрт нашарлаған. Бұдан соң Ресей президенті Владимир Путин Түркияға қарсы санкция салып, екі ел арасындағы тауар айналымы күрт азайған.

XS
SM
MD
LG