Accessibility links

Әскерилерге қатысты заңды мәжіліске таныстырды


Әскери қызмет туралы заңға өзгерістер енгізу туралы заң жобасын таныстыру жиыны. Астана, 30 мамыр 2016 жыл.
Әскери қызмет туралы заңға өзгерістер енгізу туралы заң жобасын таныстыру жиыны. Астана, 30 мамыр 2016 жыл.

Бүгін қорғаныс министрлігінің өкілдері парламент мәжілісі депутаттарына жаңа заң жобасын таныстырды. Заң жобасында қорғаныс және әскери қызмет саласындағы құқықтық олқылықтарды және коллизияларды жою, әскери қызмет пен арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет етуді біріздендіруді жетілдіру айтылған.

Қорғаныс министрінің орынбасары Талғат Мұхтаровтың айтуынша, 18 заңнамалық актіге түзету енгізуді көздейтін заң жобасында қайтыс болған әскерилердің жұбайларын баспанамен қамтамасыз ету жайы да қарастырылған.

"Әскери қызметкер борышын өтеу кезінен тыс жағдайда қайтыс болса да, оның жесіріне мемлекеттік құқық қорғау саласындағы ереже секілді қайтарымсыз баспана беру көзделген. Бұл сот орындарына шағымданушы жесірлердің санын азайтады. Алайда әскери қызметкер заңға қайшы әрекетпен қайтыс болса, онда [жесірлеріне] қайтарымсыз пәтер берілмейді" деді Талғат Мұхтаров.

Ол заң жобасындағы кейбір ұсыныстар "эконрмикалық дағдарыс кесірінен құжаттан алынып қалғанын да" айтты.

"Заң жобасында жабық және арнайы әскери қалашықтардағы әскери зейнеткерлерге баспананы жекешелендірудің өтемақысы ретінде бір реттік сыйақы белгіленген еді. Сол арқылы әскери қалашықтардағы әскери зейнеткерлер тұрып жатқан баспаналарды босатып, оларды пәтерге мұқтаж әскери борышын өтеп жүргендерге бермек болғанбыз. Бірақ экономикалық жағдайға байланысты бұл ұсыныс жобадан алынып тасталды" деді ол.

Қорғаныс министрінің орынбасары Талғат Мұхтаровтың сөзінше, әскери қызметкерлерді пәтермен қамтамасыз ету жалға берілетін баспана салумен шешілмек.

XS
SM
MD
LG