Accessibility links

Ирак әскері Фаллуджаға шабуылдап жатыр


Фаллуджа маңында жүрген Ирак әскерилері. 30 мамыр 2016 жыл.

Фаллуджа маңында жүрген Ирак әскерилері. 30 мамыр 2016 жыл.

Фаллуджа қаласына шабуылдап жатқан Ирак әскері қалада бекінген "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік тобы содырларының қарсылығына тап болды.

АҚШ бастаған коалиция әуе күштері қолдаған құрлықтағы әскер қалаға 30 мамыр күні таңертең шабуылдаған. Олар қаланың оңтүстік жағындағы жерлерді басып алып, Фаллуджаға шығыс пен солтүстік жақтан шабуылдап барады.

Ирак әскері Фаллуджаға шабуылдап жатқан тұста Бағдадта бірнеше жарылыс болып, салдарынан 20-дан астам адам қаза тапты. Жарылыстардың жауапкершілігін ИМ мойнына алды.

Кейбір есептеулер бойынша, Фаллуджада 1 мың 200-ге тарта содыр мен 50 мың бейбіт тұрғын бар. Қала ИМ бақылауына 2014 жылы қаңтарда өткен.

XS
SM
MD
LG