Accessibility links

Атырауда белсенділер қуғын-сүргін құрбандарын еске алды


Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алуға жиналып тұрған бір топ белсенді мен оларды бақылап тұрған полиция қызметкері. Атырау, 31 мамыр 2016 жыл.
Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алуға жиналып тұрған бір топ белсенді мен оларды бақылап тұрған полиция қызметкері. Атырау, 31 мамыр 2016 жыл.

Атырауда бүгін бір топ белсенді саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алды. Азаттық тілшісінің хабарлауынша, белсенділер Авангард ықшам ауданында орналасқан "Жеңіс" саябағындағы саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткішке гүл қойып, құран бағыштады.

Жабылып қалған "Каспий табиғаты" қоғамдық қорының өкілі Махамбет Хакимовтың айтуынша, олар таңертең сағат 10 шамасында саябаққа келгенде онда оқушылар мен мұғалімдерді кіргізіп қойғанын көрген, саябақ қақпасы жабық тұрып, ішке кіре алмаған. Бұдан соң белсенділер саябақты айналып, артқы есіктен кірген. Жиналғандар арасында "Заман" қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Әсел Нұрғазиева, Алматыдан барған журналист, "Жас Алаш" газетінің бас редакторы Рысбек Сәрсенбай бар.

Бүгін таңертеңнен бері саябақты полиция қоршауға алған. Саябақ аналасында полиция қызметкерлері қарасы көбейіп, полиция көліктері, автобустар қойылған.

31 мамыр - Қазақстанда Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Бүгін қуғын-сүргін құрбандарын еске алу шаралары Алматы мен Шымкентте де өтіп жатыр.

XS
SM
MD
LG