Accessibility links

Астанада терроризмге қарсы халықаралық конференция өтіп жатыр


Бейбітшілік және келісім сарайындағы "Діндер терроризмге қарсы" жиыны. Астана, 31 мамыр 2016 жыл.
Бейбітшілік және келісім сарайындағы "Діндер терроризмге қарсы" жиыны. Астана, 31 мамыр 2016 жыл.

Астанада Бейбітшілік және келісім сарайында "Діндер терроризмге қарсы" деп аталатын халықаралық конференция өтіп жатыр. Конференцияға 40-қа тарта елден 80-ге жуық делегат қатысып жатыр.

Жиынды сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев ашып, жүргізіп отыр. Конференцияның ашылуында Тоқаев Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үндеуін оқып берді.

Назарбаев үндеуінде қазір терроризм қаупі халықаралық қауіпсіздік туралы түсінікті "түбегейлі өзгерткенін", терроризм "шекара таңдамайтынын" және "бай, кедей" деп бөлмейтінін айтқан. Назарбаевтың сөзінше, терроризм идеяларын жою үшін саяси қайраткерлер, діни жетекшілер мен бұқаралық ақпарат құралдарын тартып, ағартушылық бағыттағы кең ауқымды жұмыс жүргізу керек.

"Діндер терроризмге қарсы" халықаралық конференциясы маусым айында Астанада өтетін әлемдік және дәстүрлі діндер жетекшілері съезі аясында өтіп жатыр.

XS
SM
MD
LG