Accessibility links

Назарбаев Астанада Путинмен кездесті


Ресей президенті Владимир Путин мен Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Астана, 31 мамыр 2016 жыл.

Ресей президенті Владимир Путин мен Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Астана, 31 мамыр 2016 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанада Ресей президенті Владимир Путинмен кездесіп, екі жақты ынтымақтастықты және Еуразия экономикалық одағы (ЕАЭО) аясындағы өзара әрекеттестікті талқылады.

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Назарбаев кездесуде ЕАЭО "халықаралық жағдай ауыр болғанына қарамастан жұмыс істеп тұрғанын" айтқан. Оның сөзінше, Ресей Қазақстанның "ең жақын көршісі, одақтасы әрі экономикалық және саяси қатынастардағы әріптесі" болып қала береді.

Путин де Қазақстан Ресей үшін жақын әріптес және сенімді одақтас екенін, екі ел арасында жақсы экономикалық қатынас орнағанын айтқан. Ол екі ел ЕАЭО-дан ешқандай "сиқырлы құрал" күтпейтінін, бірақ интеграциялық өзара әрекеттестік қазіргі қиындықтарды шешуге көмектесетінін айтқан.

Владимир Путин Астанаға бүгін өтетін ЕАЭО елдері басшыларының саммитіне қатысуға келген.

XS
SM
MD
LG