Accessibility links

Ауғанстанда оннан астам адам содырлар қолынан мерт болды


Ауған қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері (Көрнекі сурет).

Ауған қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері (Көрнекі сурет).

Ауғанстанның солтүстігінде қарулы содырлар кем дегенде 13 адамды өлтіріп, ондаған адамды кепілге алды. Ауғанстан билігі өкілінің мәлімдеуінше, бүгін таңертең Кундуз уәлаятының Алиабад ауданында жолда кетіп бара жатқан алты автобусты бір топ содыр тоқтатқан. Кундуз уәлаяты губернаторының баспасөз хатшысы автобустарда шамамен 200-ге тарта адам болуы мүскін екенін, оның 30-ға жуығы кепілге алынған болуы мүмкін екенін айтты.

Биліктің хабарлауынша, қаза тапқандар саны 17 адамға дейін жетуі мүмкін. Жергілікті билік шабуылға жауапкершілікті "Талибан" қозғалысынан көреді. "Талибанның" өзі бұған қатысты әлі мәлімдеме жасаған жоқ.

France-Press агенттігінің мәліметінше, содырлар жолаушыларды автобустан құжат тексереміз деп алып шыққан. Талибтер автобустарды жиі тоқтатып, жолаушылар арасында үкімет өкілдері, қауіпсіздік күштері, халықаралық ұйымдар қызметкерлері бар-жоғын тексереді. Соңғы айларда мұндай тексерулер саны артты. Өткен жылы содырлар бірнеше күн Кундуздың әкімшілік орталығын бірнеше күн бақылауда ұстаған.

XS
SM
MD
LG