Accessibility links

Лукашенко: ЕАЭО-да ішкі тауар айналымы азайып кетті


Жоғарғы Еуразия экономикалық кеңесінің жиынына қатысушы Армения, Беларусь, Қазақстан, Ресей, Қырғызстан президенттері. Астана, 31 мамыр 2016 жыл.

Жоғарғы Еуразия экономикалық кеңесінің жиынына қатысушы Армения, Беларусь, Қазақстан, Ресей, Қырғызстан президенттері. Астана, 31 мамыр 2016 жыл.

Еуразия экономикалық одағы (ЕАЭО) құрылған соң оған мүше елдер арасындағы ішкі сауда айналымы азайып кетті деп мәлімдеді бүгін Беларусь президенті Александр Лукашенко.

"Интерфакс" агенттігінің хабарлауынша, Астанада өткен Жоғарғы Еуразия экономикалық кеңесінің жиынында сөйлеген Лукашенко ЕАЭО қызметінде проблема әлі барын, оның ең өзекті дегендерін бүгін жиында талқылағандарын айтты. Кеңес жиынына ЕАЭО-ға мүше Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан және Ресей президенттері қатысты.

Лукашенконың пікірінше, ең алдымен ішкі салымдар мен өзара сауданы шектеуді жою керек. "Кеден Одағынан ЕАЭО құрылғанға дейінгі кезеңде шектеулер саны өзгермей, азаймаған күйі қалды. ЕАЭО елдері үшін теңдей жағдай мен кедергісіз орта әлі қалыптаспады. Бұдан өзге, келісімге қол қойылған соң ішкі сауда айналымымыз тек төмендеп барады. 2012-2013 жылдары ол 65 миллиард доллар болған, ал 2015 жылы ол барлығы 45 миллиард долларды ғана құрады. Сірә, келісімнің барлық талабы бірдей қазіргі экономикалық жағдай мен біз күткен нәрсеге сай келмей тұр" деді Лукашенко.

Беларусь президенті бұдан өзге одаққа мүше елдердің бірі үшінші елге қатысты өз нарығын қорғау мақсатында бір жақты шара қабылдаған жағдайда ЕАЭО-ның қызмет ету тетіктерін дайындау бастамасының орындалмай қалғанын да айтты.

XS
SM
MD
LG