Accessibility links

ХМҰ: Жерорта теңізінде қаза тапқан мигрант саны 1 мыңнан асты


Ливияның Жерорта теңізі жағалауындағы мигранттарды құтқару операциясы. 24 мамыр 2016 жыл (Көрнекі сурет).

Ливияның Жерорта теңізі жағалауындағы мигранттарды құтқару операциясы. 24 мамыр 2016 жыл (Көрнекі сурет).

Жерорта теңізінде өткен аптада қаза тапқандар арасында Еуропаға жетпек болған мигранттар саны мың адамнан асып кетті. Бұл туралы Халықаралық миграция жөніндегі ұйым (ХМҰ) мәлімдеді. Мұның алдыңда БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі агенттігі кем дегенде 880 адамның қаза тапқанын хабарлаған.

Халықаралық миграция жөніндегі ұйым өкілі Флавио ди Джакомоның мәлімдеуінше, Ливияның адам тасымалдаушылары 700 адамға дейін таси алатын ағаш қайықтарды пайдаланатындықтан Италияға бет алған мигранттар саны күрт артқан.

Биыл Жерорта теңізінде кеме апаты мен қайықтардың аударылып, суға батуынан 2 мың 510 адам қаза тапты. Өткен жылы бұл көрсеткіш 1 мың 855 болған. Ал Еуропа полициясы Грекия мен Чехияда Еуропаға баратын мигранттар үшін жалған құжат жасады деген күдікке ілінгендердің ұсталғанын хабарлады.Жалған виза мен паспорт бағасы үш мың еуроға дейін жеткен. Жалған құжаттар Африкаға, Таяу Шығыс пен Азияға жөнелтіліп отырған.

XS
SM
MD
LG