Accessibility links

Тәжікстанда Рахмонның отставкаға кетуін талап еткен адам сотталды


Тәжікстандағы тыйым салынған "Группа 24" оппозицияшыл ұйымының жетекшісі, қастандықтан қаза тапқан Умарали Куватов.

Тәжікстандағы тыйым салынған "Группа 24" оппозицияшыл ұйымының жетекшісі, қастандықтан қаза тапқан Умарали Куватов.

Тәжікстан сотs елде тыйым салынған "Группа 24" ұйымының мүшесі делінген адамға үкім шығарды.

Душанбенің Исмаили Самани аудандық соты Хатлон облысының тұрғынын "елдің конституциялық құрылымын күшпен өзгертуге шақырды" деген айыппен 5 жылға соттады. Сот үкімінде сотталушының "Группа 24" құрамында болып, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонның отставкаға кетуін талап еткен наразылық акциясына қатысқаны айтылады. Сот сотталушының аты-жөнін айтпайды.

Құқық қорғаушылардың мәліметінше, соңғы жылдары Тәжікстанда елдің конституциялық құрылымын өзгертуге шақырды деген айыппен билікке қарсы 20-ға тарта адам түрлі мерзімдерге сотталған. Олардың арасында "Группа 24" ұйымына мүше болды делінгендер де бар. Халықаралық құқық қорғау ұйымдары бұған дейін Душанбені саяси тұтқындарды босатуға және саяси бәсекелестері мен оппозицияны қудалауды тоқтатуға шақырған.

Душанбе 2014 жылдың қазанында "Группа 24" ұйымын экстремистік ұйымдар қатарына қосып, қызметіне тыйым салған. Ұйымды құрған Умарали Куватовты 2015 жылы 5 наурызда Стамбулда қастандықпен өлтіріп кеткен.

XS
SM
MD
LG