Accessibility links

Қырғыз құқық қорғаушысын МҰҚК-ге шақырды


Төлекан Исмаилова, қырғызстандық құқық қорғаушы.

Төлекан Исмаилова, қырғызстандық құқық қорғаушы.

Қырғызстанда президент Алмазбек Атамбаевты сотқа берген құқық қорғаушы Төлекан Исмаилованы Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетіне (МҰҚК) шақырды. Бұл туралы Азаттықтың Қырғыз редакциясына Төлекан Исмаилованың өзі хабарлады. Ол бүгін өзіне тергеуші хабарласып, МҰҚК кеңсесіне келуді сұрағанын айтты. Исмаилова тергеушіге ресми түрде жазбаша шақырту алмайынша бармайтынын жеткізген.

"Ресми мемлекеттік құрылым ретінде олар шақырту қағазын жіберуі тиіс еді. Мен олардан заңның осы ережесін орындауды талап еттім" деген Исмаилова.

Төлекан Исмаилова МҰҚК-ге шақыртуды өзінің кәсіби қызметімен байланыстырады. Себебі ол Атамбаев өзіне қатысты сыни пікірі айтқан соң МҰҚК мен мемлекеттік салық қызметіне шағымданған. Бұған дейін Атамбаев Азиз Абдирасулова мен Төлекан Исмаилованы ел аумағында астыртын әрекает етеді және шетелдік гранттарды пайдаланады деп айыптаған. Абдирасулова мен Исмаилова бұдан соң президенттің үстінен шағымданған.

XS
SM
MD
LG