Accessibility links

Швейцарияда әлемдегі ең ұзын туннель пайдалануға берілді

Италия премьер-министрі Маттео Ренци (солдан оңға), Швейцария президенті Йоханн Шнейдер-Амманн, Гермнаия канцлері Ангела Меркель және Франция президенті Франсуа Олланд Готард туннелімен саяхаттап барады. 1 маусым 2016 жыл.

Швейцарияда Альпі тауын ортасынан жарып өтетін әлемдегі ең ұзын әрі ең тереңдегі туннель пайдалануға берілді. Ұзындыығы 57 километрге созылатын Готард туннелімен ең бірінші болып Германия канцлері Ангела Меркель, Франция президенті Франсуа Олланд және Италия премьер-министрі Маттео Ренци саяхаттады.

Барлық сынақтан өткен соң туннельмен күніне 260 жүк пойызы мен 65 жолаушылар пойызы жүрмек. Туннельді салуға 17 жыл уақыт кетіп, 12 миллиард доллар жұмсалды. Құрылыс кезінде тоғыз жұмысшы қаза тапты. Бұл жоба - Еуропаның Альпі тауы бөліп тұрған солтүстік және оңтүстік бөліктерін қосу жоспарының бір бөлігі саналады. Жоспардың жалпы құны 23 миллиард швейцар франкін құрайды.

XS
SM
MD
LG