Accessibility links

Әкімдік: Алғабастағы апатты үйге комиссия шығады


"Алғабас" ықшамауданындағы тұрғындары көшіріліп, апатты жағдайда тұрған үй. Алматы, 2 маусым 2016 жыл.

"Алғабас" ықшамауданындағы тұрғындары көшіріліп, апатты жағдайда тұрған үй. Алматы, 2 маусым 2016 жыл.

Алатау ауданы әкімінің орынбасары Шахмерден Рысбаевтың Азаттыққа айтуынша, "Алғабас" ықшам ауданындағы апатты көпқабатты үйге қатысты «бүгін таңертең қала әкімшілігінен комиссия шығып, барлығын тексеруі тиіс».

- Алатау ауданы әкімдігі тарапынан тұрғындарды қала ішіндегі қонақүйлерге орналастырдық, ендігісі комиссияның қорытындысынан кейін белгілі болар, - деді әкімнің орынбасары.
Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі Азаттыққа «бір сағаттан кейін арнайы баспасөз хабарламасын таратамыз» дегеннен өзге жауап бермеді.

"Алғабас" ықшамауданында 1 маусым күні кешке 1/136 көпқабатты үйдің тұрғындары көшіріліп, ғимарат күзетке алынған. Үйді қазір полиция мен төтенше жағдай қызметі қоршап күзетіп тұр. Қоршау маңында өрт сөндіру, жедел жәрдем, газ қызметі көліктері байқалады. Төтенша жағдай қызметі, полиция, жәдел жәрдем өкілдері Азаттық тілшісіне болған оқиға жайында түсінік беруден бас тартты.

Райымбек есімді тұрғынның айтуынша, кейінгі жауын-шашын әсерінен үйдің жертөлесіне су кіріп, ғимараттың қисайғаны байқалған. Бұл үйдің пайдалануға берілгеніне көп болмаған.

  • 16x9 Image

    Мәншүк АСАУТАЙ

    1980 жылы туған. Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.

    Қарағанды қаласындағы жергілікті телеарнада қызмет еткен. 2004 жылдан бері Азаттықтың тілшісі. 

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

XS
SM
MD
LG