Accessibility links

Әкімдік: "Алғабастағы" үй 32 сантиметрге қисайған


"Алғабас" ықшамауданындағы тұрғындары көшіріліп, апатты жағдайда тұрған үй. Алматы, 2 маусым 2016 жыл.

"Алғабас" ықшамауданындағы тұрғындары көшіріліп, апатты жағдайда тұрған үй. Алматы, 2 маусым 2016 жыл.

Алматының "Алғабас" ықшамауданында тұрғындары эвакуацияланып, апатты жағдайда тұрған көп қабатты үй 32 сантиметрге жантайған деп хабарлады бүгін Алматы қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі.

Әкімдіктің мәліметінше, "Алғабастағы" 1/136 үйдің биіктігі 32 метрге жетеді. Үй батыс бағытқа қарай қисайған. Үйде 72 пәтер бар. Үйдің бас мердігері - "НСК Астана Құрылыс" компаниясы. Үй "Қолжетімді баспана - 2020" бағдарламасы бойынша кезекте тұрған азаматтарға берілген.

1 маусым күні кешке үйден 200 шығарылып, үйді салған компания есебінен қонақүйлерге орналастырылған.

Үйді қазір полиция мен төтенше жағдай қызметі қоршап күзетіп тұр. Оқиға орнында өрт сөндіру, жедел жәрдем, газ қызметі қызметкерлері бар.

Қазір жедел комиссия құрылып, үйдің жай-күйін кешенді бағалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Комиссия құрамына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау қызметі, Алматы қалалық қала құрылысы және сәулет басқармасы, прокуратура, ішкі істер департаменті және басқа құзырлы органдар өкілдері кірген. Комиссия үйдің жантаю себептерін 3 маусым күні сағат 15-ке дейін анықтамақ.

XS
SM
MD
LG