Accessibility links

Twitter Путинді әжуалаған аккаунтты қайта ашты


Twitter-дегі @DarthPutinKGB аккаунтынан скриншот.
Twitter-дегі @DarthPutinKGB аккаунтынан скриншот.

Twitter ресейлік саясаткерлер, оның ішінде Ресей президенті Владимир Путин, сыртқы істер министрі Сергей Лавров және Ресейдің Ұлыбританиядағы елшісі Александр Яковенконы әжуалаған, 31 мамырда бұғаттаған бес аккаунтты қайта ашты. Бұл туралы BBC хабарлады.

Кейбір микроблоктарда аккаунттардың қайта ашылғанына реакциялар да білдірілген. Мысалы, Лавровты әжуалаған аккаунтқа 1 маусым күні сағат 9:6-да "Босс вернулся @DarthPutinKGB" деген жазба жазылған.

Путинді әжуалайтын @DarthPutinKGB аккаунтының бұғатталғаны туралы алғаш болып Азаттықтың Орыс редакциясының тілшісі хабарлаған.

Twitter әкімшілігі әлеуметтік желі ережесіне сілтеме жасап, бұғаттау себебін айтудан бас тартты. Компания жауабында әжуалайтын аккаунттарды егер оларда "пародия", "юмор", "комментарий" немесе "жалған ақпарат" деген нақты ескертпесі болмаса өшіру керек.

DarthPutinKGB аккаунтына кем дегенде 50 мың аккаунт жазылған. Онда күн сайын "Путиннің атынан" ағылшын тілінде әзіл хабарламалар жарияланады. Ондағы жазбалардың бірі мысалы, мынадай болып келеді - "Кремль жоққа шығармайынша ешнірсеге сенбеңіз", "Ресейде терроризмге қарсы операцияда күдіктілердің 146 пайызының көзі жойылды" немесе "ДиКаприо менің рөлімде ойнайтындай көрікті емес".

Аккаунт атауындағы Darth сөзі - "Жұлдызды соғыс" фильміндегі кейіпкерден алынған. Фильмде басты зұлымның Дарт Вейдер деген атағы бар.

XS
SM
MD
LG