Accessibility links

Екі өңірлік әскери қолбасшылық басшылары ауысты


Ақорда (Көрнекі сурет).

Ақорда (Көрнекі сурет).

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бас прокурордың орынбасарлары мен "Оңтүстік" және "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының басшыларын ауыстырды деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Бас прокурордың бұған дейінгі орынбасары Нұрмаханбет Исаевтың орнына Ерлік Кененбаев және Марат Ахметжанов тағайындалған. Ерлік Кененбаев президент әкімшілігінің құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі қызметінен босаған. Бұл қызметке Алексей Калайчиди тағайындалған.

"Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының басшысы болып Талғат Қойбақовтың орнына Марат Құсайынов тағайындалған. Ал "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының басшысы болып Нұрлан Қашағанов тағайындалған. Ол бұл қызметте Мұрат Бектановты алмастырған.

XS
SM
MD
LG