Accessibility links

Шымкентте үш белсенді қамаудан шықты


Бейсенбі күні Шымкентте «21-мамыр күні жер мәселесіне қатысты митинг болатыны туралы хабар таратқаны үшін» 15 тәулікке сотталған үш белсенді қамаудан шықты.

18 мамыр күні әлеуметтік желі арқылы жер мәселесіне қатысты митинг болуы мүмкін екенін хабарлағаны үшін сотты болған Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының үйлестірушісі Данияр Құлтаев, белсенділер Ибрахим Әлсерке мен Сүйін Абулда 2 маусым күні кешкі саған 20:00-ден кейін Шымкент қаласы ішкі істер басқармасының арнайы қабылдау орнынан босап шықты.

15 тәулікке сотталған белсенділерді қарсы алу үшін оннан аса адам келді. Жиналғандардың қатары көбейген соң арнайы қабылдау орнын екі полицей келіп күзетті.

Белсенді Сүйін Абулда «қабылдау орны ешбір санитарлық талаптарға сай емес екенін», Ибрахим Әлсерке «берілетін ас-суы өте нашар екенін» жеткізді. Үш белсенді де алдағы уақытта «жер дауына байланысты белсенділігін тоқтатпайтынын» мәлімдеді.

18 мамыр күні жер мәселесі бойынша өтуі мүмкін екені туралы хабар таратқаны үшін сотталған тағы бір белсенді Жадыра Дүйсенбекованың 2 маусым түнгі сағат 23:30-да бостандыққа шығатыны хабарланды.

  • 16x9 Image

    Дилара ИСА

    Дилара - Азаттықтың Шымкенттегі тілшісі. 1986 жылы туған. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мен Абай атындағы ҚазҰПУ-ді бітірген.

    "Жас Алаш" газетінде жұмыс істеген.

    Азаттықпен 2012 жылдан бері әріптес.

XS
SM
MD
LG