Accessibility links

Украинада сот реформалары мақұлданды


Украина парламенті отырысы (Көрнекі сурет).

Украина парламенті отырысы (Көрнекі сурет).

Украина парламенті - Жоғарғы Рада Батыс елдері коррупциямен күрестегі негізгі шара деп санайтын сот реформаларын қабылдады. Реформа мақсаты - сайланатын судьялардың ықпалы мен заң бұзған жағдайда олардың қорғану құқығын шектеу. Украина сот жүйесіндегі парақорлық Халықаралық валюта қорынан 17,5 миллиард доллар қаржылай көмек алу үшін ауқымды реформалар жүргізудегі басты кедергі саналады.

Украина президенті Петр Порошенко реформалардың мақұлдануын "елдің өзгеріп жатқанының белгісі" деп атады. Украинада жасалып жатқан ең маңызды өзгерістердің бірі - алдағы бір жылда коррупциямен күрес және интеллектуалдық меншікті қорғаумен айналысатын тәуелсіз агенттік құру.

Реформа бойынша судьяларды олардың саяси немесе іскерлік байланыстары арқылы емес, кәсіби біліктілігі негізінде тағайындаудың тәуелсіз жүйесі енгізіледі. Порошенконың сөзінше, судьялардың шамамен 40 пайызы жаңа этикалық нормаларға сай келмей шығады.

XS
SM
MD
LG