Accessibility links

Еуропарламент Мемлекеттік думамен қайта байланыс орнатпақ


Страсбургтегі Еуропа парламентінің пленарлық отырысы (Көрнекі сурет).

Страсбургтегі Еуропа парламентінің пленарлық отырысы (Көрнекі сурет).

Еуропа парламенті Ресей парламентінің төменгі палатасы - Мемлекеттік думамен байланысты қалпына келтіруге шешім қабылдады. Шешім Еуропа парламентінің президенті Мартин Шульц пен сегіз саяси топ жетекшілерінің кездесуінде қабылданды.

Еуропа парламентіндегі дереккөз Азаттыққа депутаттар бұл қадамды "Еуропа билігі мен Еуропа комиссиясы өкілдері Ресей билігімен кездесулер өткізіп жатқанда өздері Ресеймен байланыстан ажырап қалғандықтан" жасаған.

Еуропа парламенті Мемлекеттік думамен байланысты 2014 жылы наурызда Ресей Қырымды заңсыз аннексиялап алған соң үзген. Бірақ 2 маусымдағы кездесуде маусымда Ресейде өтетін арктикалық аймақ депутаттарының конференциясына өкілдерін жіберуді жөн деп тапқан. Бұдан өзге, Мемлекеттік дума депутаттары Ресейде күзде өтетін парламент сайлауына арналған Брюссельде өтетін конференцияға шақыртылмақ.

Дегенмен, Еуропа парламенті "қара тізімге" енген ресейлік депутаттармен ынтымақтастықтан тартынады. Екі жақ арасындағы ресми диалог та қайта жалғаспайды. Еуропа парламенті территориясына Ресей елшісі мен оның басты кеңесшісінің кіруіне ғана рұқсат ету туралы шешім де күшінде қалады.

Бұл шаралар Мәскеу еуропалық кейбір депутаттарға елге визамен кіру тәртібін енгізген соң қабылданған.

XS
SM
MD
LG