Accessibility links

ҚАЖК: Алты облыста түрме салуға жер бөлінді


Алматы облысындағы әйелдер колониясы (Көрнекі сурет)
Алматы облысындағы әйелдер колониясы (Көрнекі сурет)

Ішкі істер министрлігі (ІІМ) қылмыстық атқару жүйесі комитетінің (ҚАЖК) төрағасы Бауыржан Бердалин Қазақстанның бірнеше облысында жаңа түрмелер салу жоспары барын мәлімдеді.

"Қазақстан жаңалықтары" агенттігінің хабарлауынша, Бердалин бүгін Астанада жаңа "түзеу мекемелері" алты облыста салынатынын, Астана, Петропавл, Қызылорда, Қарағанды және Оралда ол үшін жер телімдері бөлінгенін айтты.

Бердалиннің сөзінше, жаңа түрмелер құрылысы "мемлекеттік-жекеменшік серіктестік негізінде" салынады. Түрме салуға қатысатын компаниялар ашық конкурста анықталатынын айтады.

World Prison Brief зерттеу ұйымының мәліметінше, Қазақстан түрмелерінде 39 мыңға тарта адам отыр. Ресми мәлімет бойынша алты әйелдер колониясында 2 мың 400-ден астам әйел, жалғыз балалар колониясында 60-тай кәмелетке толмаған бала жазасын өтеп жатыр. World Prison Brief рейтингісінде Қазақстан сотталғандар саны жөнінен әлемде 45-орында тұр.

XS
SM
MD
LG