Accessibility links

Семейде 15 тәулікке қамалған белсенді босап шықты


15 тәулікке қамалған Роллан Машпиев (ортада көк киімде) өзін күтіп алған белсенділермен бірге. Семей, 3 маусым 2016 жыл.
15 тәулікке қамалған Роллан Машпиев (ортада көк киімде) өзін күтіп алған белсенділермен бірге. Семей, 3 маусым 2016 жыл.

Семейде 15 тәулікке қамалған Роллан Машпиев бүгін сағат 15:00 шамасында қамаудан босап шықты. Бұл турасында семейлік белсенді Марлан Есілбаев хабарлады. Оны таныстары, туыстары қарсы алған.

Марлан Есілбаевтың айтуынша, қамаудан босап шыққан Роллан Машпиев бұрын саяси белсенділік танытпаған қарапайым азамат. 38 жастағы Ролланның үш баласы бар, экономика саласының маманы.

Кешеден бері Алматы мен Астанада да 15 тәулікке қамалған белсенділер бостандыққа шыға бастаған.

"21 мамырда жер реформасына қатысты бүкілқазақстандық митинг өтеді" деген ақпарат тараған соң мамырдың 17-сінен бастап 30-ға тарта адам ұсталып, 10-15 тәулікке дейін қамалған.

21 мамырда Қазақстанның бірнеше қаласында жерді сату және шетелдіктерге ұзақ мерзімге жалға беруге қарсы митингіні полиция болдырмай, оған қатыспақ болған ондаған адамды ұстаған. Ұсталғандардың кейбіріне митингіге қатысты айып тағылып, әкімшілік айыппұл салынған. Ұсталғандар арасында ондаған журналист пен азаматтық белсенділер де болған.

  • 16x9 Image

    Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

    1985 жылы дүниеге келген.
    2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
    2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

    Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

XS
SM
MD
LG