Accessibility links

Франция мен Германияда су тасқынынан 10 адам мерт болды


Париждің су басқан көшесі. Франция, 2 маусым 2016 жыл.

Париждің су басқан көшесі. Франция, 2 маусым 2016 жыл.

Франция мен Германияда нөсер жауыннан пайда болған су тасқынынан кем дегенде 10 адам қаза тауып, мыңдаған адам эвакуацияланды. Метеорологтар нөсер жауын әлі жалғасады деп болжайды.

Парижде Сена өзеніндегі су деңгейі көтеріліп келеді. Жағдай Лувр мұражайы қызметкерлерін жерасты қоймаларындағы жәдігерлерді басқа жаққа көшіре тұруға мәжбүрлеген. Париж бен оның айналасында 24 мыңнан астам үй электр жарығынсыз қалған. Франция президенті Франсуа Олланд қатты зардап шеккен аудандарда төтенше жағдай жариялады.

Германияда елдің оңтүстігінде, Бавария мен Рейнланд-Пфальцте су тасқыны қатты жүрген. Ол аймақтарда да қаза тапқандар бар. Германия канцлері Ангела Меркель қаза тапқандар отбасыларына көңіл айтты. Меркель "Федералдық үкімет көмек кеш жеткендерге қайғырады" деп, табиғи апатқа деген реакция немістердің қиын жағдайда жұмыла білетінін көрсетті деді.

XS
SM
MD
LG