Accessibility links

EL компаниясы Түркі әлемі форумы сыйлығын алды


Қазақ дәстүрлі музыка аспабы - домбыра үлгілері (Көрнекі сурет).

Қазақ дәстүрлі музыка аспабы - домбыра үлгілері (Көрнекі сурет).

Қазақстандық "EL" Production компаниясы Түркі әлемі форумы тағайындаған "Қызыл алма" сыйлығына ие болды. ҚазАқпараттың хабарлауынша, түркі дәстүрлі мәдениетінің дамуына үлес қосқаны үшін тағайындалған сыйлық компанияға Астанада жыл сайын "Астана Арқау" дәстүрлі түркі музыкасының фестивалін ұйымдастырғаны үшін берілген. Стамбулда өткен марапаттау шарасында сыйлық компанияның бас директоры Айгүл Бейсенбаеваға тапсырылған.

"Қызыл алма" сыйлығы 2013 жылы тағайындалған. Сыйлық қоғамдық қызмет, ғылым, мәдениет, спорт және басқа да салалар бойынша беріледі.

Биыл бұл сыйлықпен Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев та марапатталған.

"Астана Арқау" дәстүрлі түркі музыкасы фестивалі осымен тоғызыншы рет өткізіліп отыр. Фестивальге барлық түркі елдері мен халықтарынан 700-ге тарта музыкант пен ғалым қатысқан.

XS
SM
MD
LG