Accessibility links

"Серікбай Әлібаев айыппұл төлесін" деген үкім күшінде қалды


Серікбай Әлібаев.

Серікбай Әлібаев.

Павлодар облыстық азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы бірінші сот инстанциясы шығарған үкімді - "азаматтық белсенді Серікбай Әлібаев 21 мамырда жер реформасына қатысты рұқсат етілмеген митинг өткізгені үшін 106 мың теңге айыппұл төлесін" деген шешімді өзгеріссіз қалдырды.

Серікбай Әлібаев 21 мамырда Павлодарда митинг өткізбегенін, "таныс адамдар бірі-бірімен кездескенін" айтады.

Сот алқасы шешімі жария болған соң күшіне енді, бірақ жарты жыл ішінде оған қарсы кассациялық шағым беруге болады.

21 мамырда "жер реформасына қатысты бүкілқазақстандық митинг өтеді" деген ақпарат тараған соң мамырдың 17-сінен бастап елдің әлденеше қаласында ұсталып, 10-15 тәулікке дейін қамалған 30-ға адамның көбі қазір қамаудан шығып жатыр.

XS
SM
MD
LG